Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

17.02.2020 ж. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен 2020 жыл Волонтерлар жылы деп жарияланды. Осы орайда Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «МЕН ВОЛОНТЕРМЫН» атты Волонтерлер жылының ашылу салтанаты өткізілді. Семей қаласы бойынша алғаш өткізіп отырған салтанатты жиынға   Семей қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Соғымбай Олжас Амангелдіұлы,   ШҚО волонтерлікті қолдау орталығының координаторы  Таранова Ольга Алексеевна,  “Лига добра” еріктілер ұйымының жетекшісі Мақсұтов Елдар Назарұлы, колледж студенттері мен оқытушылары  қатысты. Колледж директоры ф.ғ.к. Ш.А.Жанаеваның құттықтау сөзімен ашылған салтанатты  жиын  колледж қонақтарының құттықтауымен жалғасып,  волонтерларға жыл бойы жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырды.  Салтанатты жиын колледж студенттерінің  Волонтерлар  әнұранын орындаумен аяқталды.

Егемен еліміздің бүгіні мен болашағы үшін аянбай қызмет етуге әрдайым дайын еріктілерімізге сәттілік тілейміз!