3 қараша күні Абай театрында 1 курс студенттерін “Әуезовшілер қатарына қабылдау” кеші ұйымдастырылды. Асқақ арман жетелеген жас ұландар, өмір жолындағы қызықты, бақытты кез студенттік шақтың басталғанын енді сезінгендей болды.
Мерекелік кешке колледж ұжымы, ата-аналар және бірінші курс студенттері қатысты.
Студенттер қатарына қабылдау кешінде 4 жыл білім алып, белсенді болған, колледждің дамуына үлес қосқан студенттер енді ғана Алаштың білім ордасының табалдырығын аттаған білім алушыларға студенттік өмірдің қызықты сәттері және естеліктерімен бөлісті.
Студенттік Парламент Президенті Ш.Баймулаевқа, Премьер-Министрлер Ж.Нұрланбек пен А.Кеңесхановаға және жатақхана төрайымы С.Рамазановаға арнайы төсбелгілер табысталды.
Сондай-ақ оқу ордамыздың бірінші курс студенттері сенімге дақ түсірмей, колледж туын биік ұстауға, білім мен біліктілікті қатар алып жүріп, белсенді болуға, ғылымды үйреніп, жастарды ізденімпаздылыққа баулуға, жарқын болашақ үшін тың идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға, көшбасшы болып, биік белесті бағындыруға және жеңімпаз болуға АНТ берді. Колледж гимінін шырқап, нағыз студет болғандарын сезінді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Бөленбаева 1 курс студенттерін Әуезовшілер қатарына қабылдануымен құттықтап, білім мен қоғамдық жұмыстарда тек алда болуға шақырды.
Қабылдау кеші барысында өнерлі жастар әр тілде ән шырқап, биден шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.