12.10.2023 күні «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында Затон ПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы Б.Б.Болатпен кездесу өтті. Құқықтық білім беру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында өткен шараға І және ІІ курс студенттері қатысты.
Полиция инспекторы Б.Б.Болат жасөспірімдерге ұрлық, қорқытып алу, қарақшылық, бұзақылық сияқты қылмыс түрлері және қылмыстық жауапкершілік пен заңсыз әрекеттерді жасауда қолданылатынын санкциялар туралы айтты. Студенттерді қоғам мен өмірдегі мінез-құлық ережелерін, заңдарды қатаң сақтауға шақырды.
Түнгі уақытта ата-анасынcыз көшеде жүргендері үшін қамауға алынатындығы, темекі шегу мен ішімдік ішуге тыйым салынатындығы туралы ескертіп, сот практикасынан мысалдар келтірді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін мазалайтын сұрақтарына толық жауаптарын алды.