Әдістемелік қызмет

11.10.2021ж М.О.Әуезов атындағы педагогикалық коледжінде «ТжКБ беру жүйесін жаңғыртуды жүзеге асыру маңызы» тақырыбында әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде  кредиттік жүйеде оқыту ерекшеліктері: модульдік жұмыс оқу бағдарламаларының ерекшелігі мен маңызды аспектілері; оқыту нәтижесіне бағдарланған сабақ:  білімалушыларды білім алуға мотивациялау жолдары мәселелері мен  ПОӘК нормативті компоненттерін тексеру бойынша колледжішілік Ішкі аудит есебі қаралды.

  • «Педагогика және психология» ПӘК төрайымы, «Талап» КЕАҚ штаттан тыс тренері Алканова З.С. кредиттік-модульдік жүйе ерекшеліктері мен маңызды аспектілеріне тоқталды.
  • Кеңес отырысының екінші кезеңінде оқытушылар «Шеберлер» мектебінің «Ustazlab», «Акмеология», «БілімPROFI», «ARTUstaz» педагогикалық зертханаларында оқу нәтижесіне бағдарланған сабақты ұйымдастыру, оқу үлгерімін жоғарлатуда тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыру, білімалушың жеке ерекшелігін есепке алу, деңгейлеп оқыту, саралап-даралап оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясын қолдану тиімділігі, білімалушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижелілігін жоғарылату жолдары, білімалушының логикалық ойлауын дамыту арқылы «Мен» концепциясын қалыптастыру, өзіне деген сенімін арттыру, интерактивті әдістерді қолдану маңызы туралы тәжірибелерімен бөлісіп, ой қозғады. Әдістемелік кеңес отырысында білімалушының ішкі мотивациясын, қол жеткізу және қабілеттілік мотивациясын дамыту, сабақта «жағымды мотивация» туғызу жолдары қарастырылды. п.ғ.м. Кабимолдина А.К. «диктаторлық», «орындауды елестетіп көр»,  «қайта құру» сияқты нәтижесіз мотивациялық стильдерге тоқталып, оның жағымсыз салдарын атап өтті. п.ғ.м. Жунусова Л.Б., математика және оны оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Кичигина Н.Д.  сабаққа SMART мақсат қою, оқу материалының мазмұнын таңдаудың оқу үрдісіне ықпалы мәселелерін көтерді.
  • 3-мәселе бойынша директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Боленбаева А.К. ПОӘК нормативті компоненттерін тексеру бойынша колледжішілік Ішкі аудит есебімен таныстырды.
  • Әдістемелік кеңеске қатысқан әріптестер кредиттік-модульдік оқыту үрдісіне кірігіп, заманауи білім берудегі инновацияларды қолдану ерекшелігі мен ТжКБ беру жүйесін жаңғыртуды жүзеге асыру жолдары туралы тәжірибе алмасу алаңын құра алды.