Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 2018 жылғы түлегі, ақын, аудармашы Қажытай Серікжанды Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы атануымен құттықтаймыз!

Серікжанның басты жетістіктері:

Студенттер арасындағы халықаралық Есенин оқуларының бас жүлде иегері;

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының бас жүлде иегері;

Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының ІІІ орын иегері;

Т.Молдағалиев атындағы республикалық ақындар мүшәйрасының арнайы жүлде иегері.

Серікжанның тәржімалауымен оқырманға жол тартқан көркем шығармалардың қатарында Кадзуо Исигуроның «Жоғалтып алма сен мені» романы, татар жазушысы Гузель Яхинаның «Зулейханың оянуы» романы, Рэй Бредберидің «Бәстесейік» әңгімелер жинағы; Туве Янссонның «Муми-тролль және барлығы» повесі, Нур Домбайджидың «Қабағы тұнжыр балақай» повесі және якут ақыны Гаврил Андросовтың өлеңдері бар. Бұл – тек төрт жылдың ішіндегі жас аудармашының жемісті еңбегі.

Сондай-ақ, Серікжан – әлем әдебиеті жазушыларын зерттеулері мен тосын қылықтары жайындағы «Жарты жарым» эсселер жинағының авторы. Мақалалары «Самұрық» республикалық әдеби журналында, «Әдебиет порталында» жүйелі түрде жарық көруде.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алдында сөйлеген сөзінде Серікжан «Барлығы өзіңнен басталады! Әлемді өзгертуді ортаңнан баста!» деп, барша жас қазақстандықтарды еліміздің кемел келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.