10.03.2020 Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Студенттерді ғылыми-әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету, байқаулар мен конференцияларға қатысу барысында білім алушылардың ғылыми жұмыстарына 3 тілде аннотация жазу әдістемесімен таныстыру» атты тренинг өтті. Тренингті студенттердің ғылыми қоғамы ұйымдастырды. Тренинг барысында студенттердің ғылыми қоғамының жетекшісі А.А.Жумагулова ғылыми журналдармен, ғаламтормен жұмыс жасау, ғылыми жобаны рәсімдеу түрлерімен таныстырды. Ғылыми зерттеу әдістемесі бойынша оқытушысы М.К.Турбаева аннотация жазу түрлерінен ақпарат берді. Кітапхана меңгерушісі Н.К.Жоламанова «Кабис» бағдарламасының жұмысымен таныстырып, кітапханамен байланыс түрлерін көрсетті.

Студенттердің ғылыми қоғамының мүшелері тренингтен құнды ақпараттар алып, үлкен әсермен қайтты