М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж «Шет тілі» бөлімінде оқитын 1-2 курс білім алушылары арасында өткізілетін колледжішілік «Тілдарын» олимпиадасы
Олимпиаданың мақсаты:
– білім алушылардың тіл мәдениетін жетілдіру;
– тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;
– қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу;
– үш тұғырлы тілді – мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруді насихаттау.
Олимпиада кезеңдері бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады:
– «Тіл шебері»;
– «Жас қаламгер»;
– «Үздік аудармашы».