ТәжірибеХабарландырулар

11.11.2020 ж. күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Ағылшын тілі» ПӘК оқытушыларының  ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқытушылары мен машықкерлері  арасында  қалалық  практикалық семинар өтті. Семинарға 8 мектептен 12 мұғалім қатысты. Семинар барысында оқылған баяндамаларда өзекті мәселелер туралы сөз қозғалды: «Қашықтан оқыту – заман талабы», «Ағылшын тілі сабағында және сыныптан тыс сабақтарда АКТ-ны қолдану», «Гугл арқылы онлайн тест құрастыру және өткізу», «Қалыптастырушы бағалау туралы», т.б.

Колледж машықкерлері баяндамаларды мұқият тыңдап, өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, пікірлерін ортаға салды. «Шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша 4 курс студенттері 17.11.2020 ж. – 20.12.2020 ж. аралығына блоктық байқау және бақылау іс-тәжірибесіне жіберілді. Практика алдында «Шет тілі» ПӘК төрағасы Б.Ж.Койгельдина ұйымдастырған қалалық семинар машықкерлер үшін тиімді болды, машықкерлер өздерін толғандыратын көптеген сұрақтарына мектеп мұғалімдерінен жауап алды.