Әдістемелік қызмет

Білім алушының бойында өзгермелі әлемге табысты бейімделу үшін 21 ғасырға қажетті болашақ дағдыларын қалыптастыру ұстаздардың қолында. Осы мақсатта «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК 16.02.2022ж. «Жаратылыстану» ПӘК әдіскер оқытушылары Д.Б.Музапарова, Б.Ж.Калкенова «Teacher-master» мектептің педагог-шеберлері мен «Бастауыш білім беру» мамандығында оқитын машықкерлер арасында дизайн-сессия отырысын өткізді.
Дизайн-сессияға қала мектептерінің шебер- ұстаздары: Муканова Нургул Кұлжағазықызы, Айтбаева Лимара Слямхановна «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытылатын көп бейінді гимназия» КММ, Батырханова Гульнар Абугалиевна, Божканова Лаура Бейбыткалиевна «№ 3 ЖОББМ» КММ, Есенгулова Куралай Жаныбековна, Омариева Арай Амантаевна «№23 ЖОББМ» КММ қатысып, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, машықкерлермен диалогқа түсті.
Әр оқытушы өзінің сабақ ұйымдастырудағы озық технологияларын, шебер-сынып бейнесабағынан үзінділерін көрсетіп, әдістемелік құралдар мен жетістіктер көрмесін ұсынды.
Машықкерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап, әдістемелік қолдау алып, іс-тәжірибе қоржынын толтырып, ашық сұхбат алаңында ерекше әсерде қайтты.