Әдістемелік қызметХабарландырулар

21.02.2020ж. Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Әлеуметтік-экономикалық» пәндік әдістемелік комиссиясы оқытушыларының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған «Тарих және тағылым: «АБАЙ ЕРЕЖЕСІ» мен ҚР Конституциясының сабақтастығы» тақырыбында қоғамдық пәндердің облыстық әдістемелік бірлестігі аясында ойталқы пікір алаңы өтті.

Ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының ұлттық құқықтық жүйенің дамуына қосқан үлесі, құқықтық сала мен білім беру жүйесінде пайдаланудың маңызы туралы пікір алмасу және оны тәрбиелік, ғылыми-ізденушілік бағыттағы іс-шараларда пайдалану жолдарын талқылау, «Қарамола ережесін» дайындаудағы құқықтық еңбегін талдау, оның құндылығын бағалау, әлеуметтік-құқықтық ой-тұжырымдарының өзектілігін, өміршеңдігін ескере отырып, білім беру мекемелерінде жұмыс бағыттарын қолға алуды ұсыну мақсатында өткізілді.

Іс-шараға ШҚО №2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері, КазГЮИУ оқытушы-профессорлар құрамы, ТжКББ мекемелерінің қоғамдық пәндер оқытушылары, Абай атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы қызметкерлері, оқу орнының студенттері қатысты.

Ойталқы пікір алаңын колледж директоры, ф.ғ.к. Шағангүл Алдамжарқызы Жанаева жүргізді.

Баяндамашылар:

1. «Қарамола ережелерінің» қазіргі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде көрініс табуы». Байжұманова Раушангүл Закиевна, ШҚО №2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.

2. “Абай әлеміндегі адам құқығы және қазіргі кезең”. Қаражанов Малик Дулатұлы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің доценті, заң

факультетінің деканы, құқық бойынша философия докторы, қауымдастырылған профессор.

3. «Абай ережесі» Көзбаева Ақмарал Ақтыққайырқызы, жоғары гуманитарлық –заң және техникалық колледжінің құқықтану пәндерінің оқытушысы.

Ойталқы пікір алаңында Абайдың әлеуметтік-құқықтық ой-тұжырымдарының өзектілігін ескере отырып, білім беру мекемелерінде жұмыс бағыттарын қолға алу ұсынылды.

Абайдың құқықтық ой-тұжырымымен қатар, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды пікірлер айтылып, колледж студенттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Желсіз түнде жарық ай» әнін ерекше көңіл-күймен орындады.