22.02.2022 ж. «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК «Жаратылыстану» ПӘК оқытушылары Д.Б.Музапарова, Б.Ж.Калкенова «Заманауи педагог және заман талабы» жас оқытушылар мен тәлімгерлеріне арналған «PROF DAY», Л.У.Куспанова өзін-өзі тану пәніндегі құндылықтарды кіріктіре отырып «Табыс баспалдағы» ЛАЙФСТАЙЛ ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Колледждің жас оқытушыларына білім беру үрдісіндегі жаңа педагогикалық технологияларды таныстыру.
Жас оқытушыларға жаңартылған білім берудің әдіс- тәсілдері бойынша бағыт беру, оқу процесін ұйымдастыруды тәжірибе жүзінде көрсету, теориялық білімді практикамен ұштастыру жолдары көрсетілді.
Психологиялық ахуал «Мандарин», ШҚО регион картасы арқылы топқа бөлу,Wordwall бағдарламасындағы «Колесо обозрение» бойынша тапсырмалар орындау, мектеп өмірімен байланысты «Менің атым Қожа», «Алты жасар Алпамыс», «Звездочки на земле», «Ұстаз» фильмдерге дубляж жасау, «Сынық құты» бейнежазбасын талдау жұмыстары ұйымдастырылып, SMS арқылы кері байланыс берілді.
ЛАЙФСТАЙЛ кезеңінде адамның өз жүрегінде жалпы адамзаттық рухани құндылықтар (ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау) бар екендігіне, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа ала отырып салауатты өмір сүруге негізделген тренингтар жүргізілді:
• Ми қызметін арттыру;
• Сивцева кестесімен көз өткірлігін анықтау;
• Ағзадағы токсин, холестерин мөлшерін тексеру;
• Эндокриндік, жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін бақылау;
• Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеу;
• Құлақтың есту пайызы, қан айналу мен тыныс алудың алгебралық ырғағы анықтау жаттығулары жасалып, әр оқытушы өзінің денсаулығына баға берді.
Онкүндік барысында өткізілген іс-шараға колледж директоры ф.ғ.к. Ш.А. Жанаева, жас оқытушылар мектебінің жетекшісі Г.К. Сарсекова және тәлімгер оқытушылар қатысып, жас мамандарға кеңес бере отырып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.