Тәрбиелік жұмысХабарландырулар
Францияның Ренн қаласында «Алматы» саябағында Абай ескерткішін ашқан, Ренн метрополі мен Сан-Жиль мәслихатының депутаты, Франция медицина ғылымының докторы, Жоғары дәрігерлер ордасының кеңесшісі, дәрігер-гериатр Жанар Әскербекқызы Төребаевамен, ардагер тележурналист Гүлмәриям Күлиясқызы Барманбекова және Арқа дәстүрлі ән мектебінің өкілі, әнші-термеші, әрі сазгер Гүлмира Айымғазықызы Саринамен кездесу өтті.
Колледж директоры, ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева сонау Батыста Абай рухын асқақтатып жатқан Жанар Әскербекқызымен және қызметімен таныстырды.
Кездесу барысында Жанар Әскербекқызы Абай өлеңдерінің француз тіліне аударып жүргендігі туралы айтып, Абайдың “Көзімнің қарасы” өлеңін Гюгоның тілінде оқып берді.
Гүлмира Айымғазықызы Абайдың “Өзгеге көңілім толарсың” әнін шарықтата шырқады. Кездесуге қатысқан колледж студенттері мен оқытушылары тағлымы терең кездесу үшін ризашылықтарын білдірді.
📖Шағангүл Алдамжарқызы “Мұхтар Абайды әлемге танытса, Сіз Абай өлеңдерін Франция еліне танытып жатырсыз. Сол үшін алғыстымыз” деп Француз елінен келген Жанар Әскербекқызы мен қонақтарға жол көрсетіп, шапан жапты.