Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнің және Мемлекеттiк Рәмiздердiң 30 жылдығы аясында, қазақ ақыны, әдебиет зерттеушi, ғалым- ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және қоғам қайраткерi, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай, сонымен қатар «2022 жыл – Балалар жылы» болып жариялануына байланысты елiмiз үшiн аса қымбат құндылықтарды насихаттау мақсатында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «ТӘУЕЛСI3 ЕЛ ҰРПАҚТАРЫ» атты Семей қалалық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау 1 курс студенттерінің «ӘУЕЗОВШІЛЕР ГИМНІМЕН» ашылды.
Қалалық байқау шартына сәйкес көркемөнерпаздар өнерінің барлық түрлері мен жанрлары бойынша: ән, би, аспаптық, хор, театралды жанрларда өз өнерлерін көрсетті.
М.О.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясының 1-актісі көрсетіліп, өнерпаздар жюри мүшелерін өз өнерлерімен тәнті етсе, «Қасықшылар ансамблі», «Тойбастар» биі, Б.Калибаевтың орындауындағы романс, «Спорт және өнер» бөлімінің ерлер хоры өнері жоғары бағаланды.
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» көркемөнерпаздары байқау қорытындысы бойынша арнайы Дипломдармен марапатталып, үздік шыққан номерлер галаконцертке жолдама алды. Жюри мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі Мапруза Утеленова колледж ұжымына және музыкалық жетекшілерге, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Хауановға алғыс білдірді.