13.12.2023 күні Инф-21-09 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық-күрделі қоғамдық-саяси құбылыс» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Топ жетекшісі Битолеуова Эльмира Даулетжанқызы.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу;
Профилактикалық жұмыстарын насихаттау;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру;
ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Байтабанов Мадияр Дәулетұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің абай облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының аға офицері
және Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жәрдемдесу орталығының Абай облыстық филиал басшысының орынбасары Қайратова Ақнұр Қайратқызы қонақ болды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасында көрсетілген: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, сыйлауға, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалауды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуді. Сондықтанда тобымыздың ата-анамен байланысы ретінде студентіміз Дананың мамасы келіп өз ойын, тәрбиесімен бөлісті.
Ашық тәрбие сағатымыздың барысында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» тақырыбына арналған көрініс, жасанды интелект, «Білімді мыңды жығады» (викториналық сұрақ-жауап), поэзия, Күйлерден поппури (Көк ту, Ер тұран мен Алаш аманаты) көрініс тапты.
Қазақ халқының ұғымында күміс адалдықтың, тазалықтың белгісі. Ежелде аналарымыз келіндерінің қолында күміс білезігі болмаса, қолынан шәй де ішпеген екен деседі. ИНФ-21-09 тобының атынан кішігірім естелік білезіктерін тараттық.