Тәрбиелік жұмыс

2021 жылдың 27 ақпан күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Х.Хауанова, педагог-психолог Ж.М.Бигазиева «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу» тақырыбында Семей қаласының медицина университетінің психиатрия кафедрасының ассистенті А.А.Ермекбаеваның қатысуымен колледждің топ жетекшілерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында Асхат Уәзірханұлы өзінің психиатриядағы жүргізген зерттеу жұмыстары бойынша жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау проблемалары туралы мәліметтеріне түсінік берді, оларды суицидтік мінез-құлық түрлерімен және оларды шешу жолдарымен таныстырды. Сондай-ақ, топ жетекшілеріне суицидтік мінез-құлықтағы негізгі белгілерге назар аударуы керек екенін айтылды. Қашықтықтан оқыту режимінде студенттер арасында стресстің алдын алу үшін жасөспірім және оның ата-анасы туралы ақпарат болуы керек екендігі түсіндірілді. Сонымен бірге педагог-психолог және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары кураторларға біздің колледж студенттерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына назар аударуды қажет ететін маңызды ақпараттармен таныстырды. Кездесу барысында колледж психологының байланыс телефоны және өмірлік қиын жағдайдағы студенттер мен ата-аналарға жүгінуге арналған сенім телефоны туралы ақпарат жіберілді. Әр топ жетекші студенттермен байланыста болып, олардың психо-эмоционалды жағдайына назар аударуы керек, сабаққа және сабақтан тыс уақытқа қызығушылық танып, ата-аналармен байланыста болып, проблемалар туындаған жағдайда білім беру мекемесінің педагог-психологына хабарлауы керек. Топ жетекшілер Асхат Уәзірханұлына көкейлерінде жүрген сұрақтарына сауатты жауап алды.

Онлайн-кездесудің соңында топ жетекшілері осы тақырып бойынша бірнеше егжей-тегжейлі мәселелерді талқылай алды, ал колледждің педагог-психологы жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша колледж оқытушыларына ұсыныс-кеңес берді.