Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі А.Қ. Аймағамбетов айтқандай: “Әрбір оқу орнында студенттік парламенттер құрылуы керек. Мұндай ұйымдар студенттердің саяси және құқықтық мәдениетін дамытады. Студенттік парламенттің мүшелерін студенттердің өздері сайлауы керек. Ал сайланған өкілдерге мәселелерді шешу үшін белгілі бір мүмкіндіктер ұсынылуы қажет”. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Студенттік Парламент бірнеше жылдар бойы үздіксіз жұмыс жасап келеді.
Бүгін, 19 қазан күні колледжімізде Студенттік Парламент Президентінің сайлауы өтті. Президенттікке үміткеркерлер бір апта бұрын өз бағдарламаларын әлеуметтік желілер арқылы таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстар нәтижесінде дауыс беруге студенттер жоғары белсенділікпен қатысты.
Дауыс беру басталмас бұрын, үміткерлер СП Президентін сайлауға келген студенттерге алғыс білдіре отырып, қарсыластарына сәттілік тіледі. Алғашқы дауыс беру құрметіне үміткерлер және СП мүшелері ие болды.
Сайлау нәтижесінде Қабидолла Назлы – 9,2% Кеңесханова Аружан – 17.9%, Нұрланбек Жансая – 31,3%, Баймулаев Шоқан – 41,2% дауыс жинады.
ШТБ 21-09 тобының студенті Шоқан Қанатбекұлы Баймулаевты жеңісімен құттықтай отырып, Студенттік Парламент Президенті ретінде атқаратын жұмыстарына сәттілік тілейміз!!!