Әдістемелік қызмет

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда нарық сұранысына сай болашақ маман даярлап отырған ғасырдан астам тарихы бар білімнің қара шаңырағы «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің биология кафедрасы арасындағы серіктестік-ынтымақтастық меморандум негізінде оқу орнымызда 2016 жылы құрылған Студенттердің ғылыми қоғамы жылдық жоспары шеңберінде кезекті жұмысын қорытындылады.
Атаулы оқу орнымен бірлескен жоспар аясында 2022 жылғы 10 акпанда ZOOM қосымшасында ғылыми –зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері, бағыттары таныстырылып, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының тақырыптары мақұлданып, жетекшілері мен ғылыми кеңесшілері тағайындалды. Зерттеу жұмысына “Жаратылыстану” ПӘК оқытушыларының жетекшілігімен “Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі” , “Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі” мамандығы студенттері Ардаш Альфия , Хабибуллина Диана, Швабауэр Кристина, Толбаева Алина, Айтжанова Нуржамал, Есенова Маржан, Назарбекова Айерке, Құсман Айдана, Мейірғазина Дильназ, Нурланова Нурай тартылды. Ғылым жолын қуған жастарға Семейдің Шәкәрім атындағы университетінің оқытушылары, биология ғылымдарының кандидаттары, доцент Қуанышбаева М. Г. мен Хромов В. А. ғылыми кеңес береді.
Семейдің Шәкәрім атындағы университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы мен колледж директоры, ф.ғ.к. Жанаева Шағангүл Алдамжарқызына колледж студенттерінің зерттеушілік құзіретін дамытуды жүзеге асырып, ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік жасап, қолдау көрсетіп отырғандары үшін алғыс айтамыз!
Студенттердің ғылыми жұмыстарына сәттілік тілейміз!!!