2021 жылы 27 қазанда, «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде», «Математика және информатика» пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігіне орай, ІІ-IV курс білім алушылары арасында Бласпаева Г.К мен Хасенова Ж.Т. ұйымдастыруымен колледжішілік «StartTeach» Web -дизайнерлер сайысы өтті.
Білім алушылардың шығармашылық қызметі арқылы информатика сабағында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, білімге деген қызығушылықты арттырып, ізденістер мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, білім беру, әр түрлі сайттарын құру және қолдану кезінде білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ынталандыру, қабілеттерін дамыту осы сайыстың басты мақсаты болып табылды.
Сайысқа 21 білім алушы қатысты. Сайысқа ұсынылған жұмыстарды комиссия мүшелері тексеріп, жеңімпаздарды анықтап марапаттады.Сайыс жеңімпаздары:
I орын – Турдыкулова Дияра, 37-топ
IІ орын – Рожкова Ангелина, группа 32а
III орын – Айнаш Тлеутай, 34-топ
III орын – Мақсұтов Дарын, 29-топ
III орын – Тұрсынжан Дана, 29ә-топ студенттерін құттықтаймыз!!!