Әдістемелік қызмет

2022 жылдың 30 сәуірінде Өскемен қаласында «Spring music time» Халықаралық фестиваль-байқауы өтті, оған педагогикалық колледждің «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс МНО 21-09 студенттері  және «Музыкалық білім беру » мамандығының  2 курс  студенті қатысты. Қатысушылардың өнерін  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері кірген кәсіби қазылар алқасы бағалады.  Қатысушыларды бағалау критерийлері тек орындаушылық шеберлік қана емес, сонымен қатар сахналық өнер, әртістік, музыкалық және т.б. болды. Қазылар алқасы қатысушылардың шеберлік деңгейін жоғары бағалады. «МНО 21-09» шығармашылық ұжымы (музыкалық жетекшісі Трусова М.И.) «Вокал» номинациясы бойынша 1 орын иегері атанды; «Аспаптық шығармашылық» номинациясы бойынша А.Хачатурянның «Вальс» шығармасын шебер орындаған 28-топ студенті Алмаз Жұмабеков (мұғалімі Трусова М.И.) 1 орын, «Хореография» номинациясы бойынша МНО 21-09 (музыкалық жетекшісі Трусова М.И.) шығармашылық ұжымы 2 орын иегері атанды.  Қатысушылар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және әрине қошеметпен марапатталды. Сондай-ақ ұстаздар мен концертмейстер алғыс хаттармен марапатталды. «Spring music time» Халықаралық фестиваль-байқауы  Қазақстанның дарынды балаларын, жастарын, студенттері мен мұғалімдерін қолдау және ынталандыру; еліміздің мәдени әлеуетін сақтау және дамыту; жастар арасында патриоттық тәрбиені қалыптастыру және Қазақстан Республикасының мәдени мұрасына қызығушылығын арттыру .