Хабарландырулар

«Музыка және көркем еңбек» ПӘК онкүндік аясында 15.03.2021 ж. “Синкопа және оның түрлері” тақырыбында элементарлық теория, гармония пәнінен оқытушы Бузаубагарова Р.Ш. 0108000 “Музыкалық білім беру” мамандағының 1 курс 18 топ білім алушыларымен шеберлік сынып өткізді.

Мақсаты: студенттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда “MuseScore” бағдарламасын қолданудың тиімділігін көрсету.

Міндеттері: синкопа ырғақтың ерекшеліктерін түсіндіру, қағыс және аспап арқылы көрсету, тыңдау, дирижирлеу, музыкалық стилді ажырату.