Тәрбиелік жұмыс

Shet Tili Press
М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, «Шет тілі» бөлімінде «Педагогикалық білім беру ұйымы мен ата-аналар ынтымақтастығы – білім алушылардың денсаулығы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістіктерінің кепілі» атты онлайн ата-аналар жиналысы өтті.Жиналысқа ата-аналар,топ жетекшілері,колледж психологі және дәрігер қатысты.
Күн тәртібінде
1.2021-2022 оқу жылының 1-аттестация қорытындысы
ДОІЖО: Тоқтарбек М.Ш. Бөлім меңгерушісі: Секенова А.М
2.Коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитарлық профилактикалық іс-шаралар
«Жан-Ер» емханасының отбасылық дәрігері: Токпаева М.К.
3. Жасөспірімдерге педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету және олардың арасындағы суицидтердің алдын алу
Колледж психологі: Бигазиева Ж. М.
4. Әртүрлі мәселелер.
Жиналысқа қатысушылар
1-ші сұрақ бойынша бөлімде оқып жатқан 14 топтың 1-аттестация қорытындысына анализ жасалды.1 курсқа қабылданған 5 топтың бастапқы бақылау жұмыстары мен аралық бақылау жұмыстарының салыстырмалы талдауы ұсынылды.Ата-аналар тарапынан жекелеген студенттердің білім сапасына қатысты сұрақтары туындап,пән оқытушылары сабаққа қойылатын талаптар жайлы айтып өтті.
2-ші сұрақ бойынша «Жан-Ер» емханасының дәрігері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі , Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 46 қаулысымен халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен жүргізу» туралы әдістемелік ұсынымдар бекітілгенін айта отырып,12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыруда ата-ананың келісімі арқылы ғана жүзеге асатындығын айтты.
3-ші сұрақ бойынша колледж психологі Жанат Маметжановна жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасы ең өзекті мәселе,қоғамда түйінді сұрақ ретінде қарастырылатын осы жағдайдың туындау себептеріне тоқтала отырып,ата-аналарға осы жағдайдың алдын алу бойынша кеңес бере отырып,сенім телефондарын хабарлады.
Ата-аналар жиналысы шешімі:
1.Студенттердің білім сапасын арттыруда ата-аналар мен педагогикалық ұжым бірлесіп жұмыс жасау
2.Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын қатаң түрде сақтау
3.Жасөспірімдерге педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетуді жалғастыру және олардың арасындағы суицидтердің алдын алу
4.Тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыс атқару