Тәжірибе

16.03.2021.
М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі,”Шет тілі” бөлімінің 43, 44, 45 және 402 бітіруші топтарда дипломалды мемлекеттік практика корытындысы бойынша Zoom платформасында “Бүгінгі білімді студент-болашақ білікті маман” атты онлайн конференция өткізіліп «Шет тілі» бөлімінің 3-4 курс студенттері,колледж әдіскерлері,мектеп мұғалімдері қатысты. Практиканың қорытынды конференциясы машықкерлерді қолдау, олардың интеллектуалды дамуына, өз бетімен педагогикалық жұмысты игеруіне мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды. Машықкерлер Шығыс Қазақстан облысының аудандық мектептерінде, Семей қаласының қалалық орта мектептері мен мектеп –гимназияларында және Алматы,Ақмола облыстарында кезекші сыныптарда,штаттық режимде және қашықтан оқу форматында іс-тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе барысында машықкерлер оқу бағдарламасының жоспарын орындап, төрт топ бойынша барлығы 93 бейне сабақтар әзірледі. Машықкерлердің бейне сабақтары оқу орнының Youtube каналына жүктелді.
Машықкерлердің қорытынды конференциясына өздері практикадан өткен “№22 ЖОББМ “мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі,оқу орнының түлегі Нұрмұхаметова Надира Нурзайповна «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері және әдістері» атты баяндама оқып,мектептегі өз тәжірибесімен бөлісті.
Конференцияда әр топтан сөйлеген машықкерлер тәжірибеден штаттық және кезекші сыныптардағы, қашықтан сабақ өту барысындағы оқушымен жүргізілген жұмыстағы жеткен жетістіктерімен қатар кездескен қиындықтарды жеңу жолдары туралы ой пікірлерімен бөлісті. Дипломалды практика кезінде болашақ мұғалімнің оқушы мұқтажын сезінуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы, ата-анамен байланысының күшеюі, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгерді.
Мемлекеттік дипломалды іс-тәжірибеден өту барысында берілген тапсырмаларға шығармашылық тұрғысынан қарай отырып, жоғары деңгейдегі білім көрсеткен және мектеп іс – шараларына белсене қатысқан машықкерлер Қуандықов Әлібек,Нурақаева Шырын, Айтмұқашева Гүлім , Калимолдаева Аяжан , Оразғазина Айдана , Амангелдина Еңлік , Бақытбекова Анель , Кушигенов Ақылжан , Сабырова Еңлік , Шумбаева Жұлдыз , Тлеуханова Жансая , Толеутаева Гүлім , Адебиет Айсана , Надирбаева Тоғжан және т.б. мектеп директорларының алғыс хатымен марапатталып, мектептен жұмысқа тұру сұраныс әкелгені жөнінде конференцияда атап өтілді.
Машықкерлерден кейін мектеп мұғалімдері «№17 ЖОББМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі Мұсабекова Лаура Ерсайыновна және «№4 ЖОББМ»КММ ағылшын тілі мұғалімі Салимбекова Нұрсауле Шакаримовна өз сөздерінде машықкерлердің кәсіби-педагогикалық құзіреттілікті меңгеру барысындағы мектептегі онлайн, офлайн форматтағы сабақтарды өтудегі қиындықтарды дұрыс шешіп,заманауи инновациялық технологияларды тиімді қолдана білгендігі туралы айтқан сөздері машықкерлердің мамандыққа деген сенімдерін нығайтты.Олар қазіргі қоғамға қажетті ,бәсекеге қабілетті маман даярлауда ғасырдан астам тарихы бар Алаштың білім ордасына басшылық етіп отырған колледж директоры Ш.А.Жанаеваға, колледж әкімшілігіне және колледж әдіскерлеріне ризашылықтарын білдірді.
Дипломалды практиканың қорытынды конференциясы Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен қорытындыланды: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».