2021 жылдың 2 желтоқсанында «Педагогика және психология ПӘК онкүндік аясында атаулы кабинеттердің КҒЗО жұмысын насихаттау мақсатында «Шаңырақтың шыңдары» атты колледжішілік педагогикалық сторис өткізілді.
Мақсаты – Қазақстан Республикасындағы көне оқу орындарының бірі, еліміздің рухани орталығы Семей педагогикалық оқу орынының шежірелі тарихын танып білу, оқу орнында әр кезеңдерде білім алушылардың еліміздің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлестерін жас ұрпаққа паш ете отырып, жастарға аманатқа адалдық қасиеттерін дарыту, тағзым ету.
Міндеттері:
– колледж білім алушыларының арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау.
– білімді, қабілетті жастардың колледжде білім алған және еңбек еткен тұлғалармен таныстыра отырып, олардың өмір жолын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру.
КҒЗО мүшелерінің белсене қатыса отырып, жобаның теориялық-әдістемелік негізін, тақырыптың көкейтестілігін, жаңалығы н, көркемдік танымын, мазмұндылығын жан-жақты аша білді.