АЛАШТЫҢ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ
“Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ, Семей қаласының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен студенттік волонтерлық ұйымдар арасында волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған шағын грант байқауы өткізілді.
Байқауға Семей қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысып, байқау қорытындысы бойынша оқу орнымыздың “Мейірім” еріктілер ұйымы “Теміржол қауіпсіздігі” атты жобаны қорғап 50 000 теңге көлеміндегі грантты ұтып алды.
Бастамаларыңызға сәттілік!