2022 жылдың 12 сәуірінде Шәкәрім шаңырағында Ғылым апталығы шеңберінде ынтымақтастықты нығайту және ғылымды интеграциялау мақсатында серіктес ғылыми-зерттеу институттарының факультеттермен бірлескен көрмесі, университет стартап жобаларының, сондай-ақ қала мектептері мен колледждерінің ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды.
М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ғылымға жаны құмар белсенді студенттері көрмеге қатысып, өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, көрерменге таныстыру жұмыстарын жүзеге асырды. Білім беру үрдісін жетілдіруде тәжірибе алмасу, оқытудың заманауи әдістері мен жүйелерін, инновациялық технологияларды қолдануда қажетті ғылыми платформа болды деп сенеміз. Студент жастардың өздерін Ғылым саласында ізденуіне, әсіресе педагог ретінде өз сферасын дамытуға деген ықпал ететін мотивация болды. Колледж студенттерінің ғылымды интеграциялаула қосқан үлесі үшін ректор Б. А. Ердембеков М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Ш. А. Жанаеваны алғыс хатпен марапаттады