23 қазан күні «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік тапсырысы аясында “Семей қаласының жастар ресурстық орталығы” КММ-нің 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған “ҰШҚЫН” әдебиетшілер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
Қаламыздағы дарынды жастардың шығармашылықтарына қолдау көрсету. Жас жазушылардың талантын шыңдау. Жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие беру. Жас ақындардың отты жырлары арқылы Республика күнінің мән-мағынасын ашу.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
“Бастауыш білім беру” бөлімінің БББ 21-09-01 топ студенттері Кеңесбекова Талшын “Ұшқын” жас ақындар байқауы бойынша ІІІ орынға иеленсе (20 000 теңге), Асқарова Айдана “Ұшқын” сөз өнері байқауы бойынша арнайы жүлде ұтып (10 000 теңге) иеленді.
Сонымен қатар, “Ұшқын” әдебиетшілер байқауына белсене қатысқаны үшін тобымыздың студенттері алғыс хатпен марапатталынды.
Оқу орнымыздан басқа да жүлделі орын иеленген студенттерін құттықтай отыра, сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!