2018 жылдың 31 мамырында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Қолдан жасалған қасірет» атты саяси қуғын-сүргін құбандарын еске алу күніне арналған дәстүрлі лездеме өтті. Шараның мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, жас буынға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіру, тарихтан тағылым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу; қасіретті кезеңнің құрбаны болған қазақ зиялыларының есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.
Бүгінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы тұрақты үрдіске айналып келеді. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұжымы да бұл елеулі күнге мән беріп, ой салар мәліметтерді ортаға салды.
Жазықсыздан-жазықсыз саяси қуғын сүргін құрбандарына айналған талай тұлғаларымыздың есімі 115 жылдық тарихы бар М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен тығыз байланысты. Оқу орнында колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызының бастамасымен дүниеге келген «Тағзым» бағдарламасыаясында Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірін насихаттау мақсатында атаулы дәрісханалар жұмыс жасайды.
Алаштың тұңғыш құрбаны Қазы Нұрмұхамедұлы, Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, драматург, аудармашы, педагог, 1931 жылы жалған жаламен атылған Жүсіпбек Аймауытов, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, педагог, заңгер. Алашорда үкіметінің Семей облысынан сайланған мүшесі, Семейдегі қазақ педтехникумының оқытушысы.
1930 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, 1931 жылы Мәскеу түрмесінде атылған Халел Ғаббасов, педагог, жазушы, аудармашы, драматург, 1930-37 жылдары педагогикалық техникумында оқытушы болған, жалған саяси жаламен 1937 жылы тұтқындалып, ату жазасына кесілген Тайыр Жомартбаев, Алашорда үкіметі тұсында ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға еңбек еткен, 1922-23 жылдары қазақ педтехникумында оқытушылық қызмет атқарды, 1937 қуғын-сүргінге ұшырап, атылған Сейітбаттал Мұстафин, көрнекті Алаш қайраткері, ағартушы, журналист, сыншы, ұстаз-ғалым.
Семейдің қазақ педтехникумының оқытушысы, 1937 жылы халық жауы деген жаламен ұсталып, Семей түрмесінде атылған Мәннан ТұрғанбаевАлаш қайраткері, ұлттың айрықша зиялысы, оқу ағарту саласында қазақтан шыққан алғашқы мамандардың бірі.
Қазақстанда ұлттық мұғалім кадрларын дайындайтын алғашқы оқу орны – Семейдің қазақ педтехникумының тұңғыш директоры. 1927 жылы маусым айында жаламен түрмеге қамалады. Қуғын-сүргін көре жүріп, 1937 жылы жалған жала кесірінен атылып кеткен Әбікей Зейінұлы Сәтбаев сынды тұлғаларымызға тағзым етуді жыл сайын дәстүрге айналдырылған.
Ендеше саясаттың құрбаны болып, қуғын-сүргіннен көз ашпаған ата-бабаларымыздың ақтаңдақ тарихы бүгінгі әрбірімізге сабақ, көкейімізде әрдайым оларға деген құрмет, ата-бабаларымыздың тарихы болашаққа бағдар болуы тиіс!