Пандемия кезеңінде ПӘК оқытушыларына салауатты өмір салтын насихаттау, оқытушылардың спорттық бейімділіктерін шыңдау, денсаулықтарын нығайту, иммунитеттерін арттыру мақсатында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Жаратылыстану, дене тәрбиесі» ПӘК оқытушылары «Салауатты өмір салты» тақырыбында 2021 жылдың ақпан айының 16-25 күндері аралығында тренажерлық залда жаттығу жұмыстарын ұйымдастырды.
Алғашқы болып «Шет тілі» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПӘК оқытушылары жаттығуды бастады. Оқытушылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра қауіпсіздік ережесімен танысып, қыздырыну жаттығуларын жасады. Ер азаматтар гир, штанга көтерсе, әйел адамдар жүгіру жолағымен жүгіру, гимнастика жасау, секіргішпен секіру сынды дене жаттығуларын жасады.