Әдістемелік қызмет

Сүйіспеншілік өзін-өзі танудың негізін жасаушы құндылық”-11.02.22 ж.  М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ӨӨТ 21-09 тобымен  өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Қайсанова Жадыра Қайсанқызының ұйымдастыруымен «Махаббат пен сүйіспеншілік» тақырыбында сюжеттік-рөлдік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараны ұйымдастыру барысындағы негізгі мақсат білім алушылардың жан-жақтылығын, бойларына өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, сонымен қатар махаббат, сүйіспеншілік, қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.

Білім алушылар іс-шара барысында өздерінің белсенділіктері мен ұйымшылдықтарын топтық жұмыста таныта білді. Адам жанына қажетті құндылықтарды меңгере отырып, ұлтжандылық, риясыз сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқор болу сонымен қатар өзін-өзі танудың  қиянат жасамау, ақиқат, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық пен дұрыс әрекет  құндылықтарын шындай түсті.