28 қыркүйек – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін оқу орнымыздың түлегі, заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың туған күніне орай «Сүйер ұлың болса, сен сүй» тақырыбында салтанатты лездеме өтті.
Лездемеде М.О.Әуезовтің туған күніне орай жас ұрпақтың бойында жазушы шығармашылығын, рухани жаңғырту мақсатында жазушы шығармаларынан үзінділер және арнаулар оқылды. Алаштың тұңғыш білім ордасының 120 жылдығына орай тақырыптық би қойылымы қойылды.
Жылдағы дәстүр бойынша «Әуезов сыны» және «Мир Ауэзова» байқауларының жеңімпаздары марапатталды.
«Әуезов сыны» байқауы бойынша:
І дәрежелі дипломды ШТ 22-09-01 тобының студенті Береке Ансар, ІІ дәрежелі дипломды 44- топ студенті Каримова Диана, ІІІ дәрежелі дипломды МДТ 22-09 тобының студенті Бахтиярова Александра және «Мир Ауэзова» байқауы бойынша І дәрежелі дипломды МНО 21-09 тобының студенті Халелова Гульсина, ІІ дәрежелі дипломды МНО 21-09 тобының студенті Мазурцева Дарья, ІІІ дәрежелі дипломды МНО 21-11 тобының студенті Швабауэр Кристина иеленді.
Лездеме қонағы Абай облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы Садырбаев Айдар Серказынович заңғар жазушының туған күніне орнай өткізіліп жатқан шараларға жоғары баға беріп, жеңіспаздарды марапаттады.