С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры және облыстық білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен «Оқушылардың білім сапасын арттыру және олқылықтардың орнын толтыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру бойынша «С.Аманжолов университеті мен ШҚО мектептерінің интеграциясы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Кездесуге «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ, Семей қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г.М. Ахметова, қала мектептерінің басшылары, «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК өкілдері қатысты.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша Семей қалалық білім бөлімі және қала мектептерімен келісілген үшжақты меморандум негізінде колледждің «Бастауыш білім беру» мамандығында оқитын студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында репетиторлық тәжірибені қолдау жұмыстары жүргізіп отырғандығы және нәтижелі тәжірибелік жұмыс пандемия кезінде қашықтан оқыту барысында сапалы жалғастырылып келе жатқандығын баяндалды.
Колледж студенттері қала мектептеріндегі көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен патронаттық тәрбиедегі бастауыш сынып оқушыларына пәндер бойынша қосымша көмек көрсету мақсатында әрі болашақ мамандыққа кәсіби бейімделу үшін репетиторлықпен айналысудың бастамашысы болды. Бастама колледж әдіскерлері, мектеп мұғалімдері және ата-аналар тарапынан қолдау тауып, студенттердің мектептегі практика күндеріне сәйкестендіріле жоспарланды.
2019-2020 оқу жылында 8 топтан студенттер іріктеліп 11 мектептің бекітілген оқушыларымен, 2020-2021 оқу жылында 8 топтан 8 мектеп базасындағы бекітілген оқушылармен репетиторлық жұмыс жасалды.
2020 жылдың қантар айынан бітіруші топ студенттері өзі таңдаған мектептеріне 6 аптаға дипломалды іс-тәжірибеге жіберілді, биылғы оқу жылынан бастап практика өту талабына әрбір студент дипломалды іс-тәжірибе өту барысында мектептің бір оқушысымен репетиторлық жұмыс жүргізуіне қатысты талап енгізілді.
2019-2020 оқу жылының соңында қалалық білім бөлімінің өкілдері, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар, колледж әдіскерлері мен студенттер қатысқан конференцияда репетиторлық жұмыс қорытындыланды. Конференция барысында студенттердің репетиторлық жұмыспен қамтыған оқушыларының білім алуға деген қызығушылықтары мен ынтасы, белсенділігі артқандығы, білім сапасының көтерілгендігі туралы айтылып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар, қалалық білім бөлімі өкілдерінің тарапынан студент-машықкерлердің жұмыстарына оң баға берілді.
Студенттеріміздің кәсіби шыңдалуда оқытудың жаңа технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда меңгеруді өз бастамаларымен нәтижелі дәлелдей алғандықтары, гуманитарлы-коммуникативтік қарым-қатынасқа қабілеттілігі біздің оқу орны үшін үлкен мәртебе.
Білім және ғылым министрлігінің, ШҚО білім басқармасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында колледждің «Негізгі орта білім» мамандығында білім алушы 3-4 курс студенттерімен оқу орнына бекітілген Жарма ауданының мектеп оқушыларымен репетиторлық жұмыс жүргізудеміз.
(Фото архив материалдарынан)