«АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА 120 ЖЫЛ»
29.05.2024 Жақия Шайжүнісовтың туғанына 110 жыл.
Жақия Шайжүнісовтың 110 жылдық мерейтойына орай, БББ 22-09-01 топ, Жақия Шайжүнісов атындағы кіші-ғылыми зерттеу орталығының жас зерттеушілері “Ұрпаққа аманат” атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: «Қазақ ССР-інің Еңбек сіңірген мұғалімі» , «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Ленин» орденінің кавалері Ж.Ш.Шайжүнісовтың өмір жолы мен еңбек жолын студенттерге насихаттау.
Тәрбие сағаты Жақия Шайжүнісовтың өзі түскен “Дом родной” фильмінен үзіндімен ашылды. Топ студенттері ұстаздың өмірі, еңбек жолы, отбасы және марапаттары мен медальдарі туралы ақпараттармен бөлісті. Тәрбие сағатына Жақия Шайжүнісовтың қызы Шайжүнісова Нәйлә Жақияқызы, өлкетану музейінің қызметкері Торайғырова Меруерт Оралхановна қонақ болып келді. Сонымен қатар, Көкпектіде бұрынғы балалар үйінің орнына, қазіргі ғимарат шығармашылық сарайы болып өзгерді сол өнер сарайында Жақия Шайжүнісовке арналған музей ашылған. Сол музейден оқушылар шығармашылық сарайының педагог ұйымдастырушы Туенбаева Клара Қайыпжанқызы бейнематериал жолдап, студенттерді музейдің ішкі көрінісімен, Жақия ағаның ұстаған заттары, альбомдарымен таныстырып өтті. Нәйлә Жақияқызы студенттерге әкесінің өмірі мен еңбек жолы туралы ыстық естеліктерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Меруерт ханым Жақия ағаның құжаттары, Жақия ағаға Көкпектідегі балалардың жазған хаттары және өлкетану музейінің 140 жылдығына орай жазылған кітаппен таныстырып өтті. Студенттер Жақия Шайжүнісовтың мерейтойына арналған арнау оқып, топ жетекшісімен бірге “Әке туралы жыр” өлеңімен хор айтты. Тәрбие сағатының соңы барыс орденінің кавалері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, филология ғылымының кандидаты, колледж директоры Жанаева Шағангүл Алдамжарқызының қорытынды сөзімен аяқталды. Колледж директоры тәрбие сағатының жақсы өткенін айтып, топқа өз алғысын білдірді. Артынан өшпестей із қалдырып, ұрпақ санасында есімін алтын әріптермен жазып қалдырған ұлы тұлғаларымыздың ерең еңбегін өзгеге мақтанышпен насихаттау сіз үшін де, біз үшін де парыз деп білеміз!