Тәрбиелік жұмыс

11.02.2022 «Құрақ құрау – өнердің сарқыламас қайнар көзі» жанды көрме

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде ақпан айының 11-і күні «Асыл мұра» қолөнер үйірмесінің жанды көрмесі өтті. «Құрақ құрау – өнердің сарқыламас қайнар көзі» тақырыбында өткен көрме барысында үйірме қатысушылары І жартыжылдықта үйренгендерін ортаға салып, жасаған жұмыстарымен таныстырды. Үйірме жетекшісі Г.Б.Болғанбаева құрақтың жаңа түрлерімен таныстырып, «роза» құрағын құрау технологиясын үйретті. Үйірме қатысушылары құрақтарды блоктарға бөліп алып, тігін машинасында құрақтар құрады.

Осындай үйірме жұмыстары білім алушылардың келешек маман ретінде еңбекке, түрлі өнер бұйымдарын жасауға, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, қадір-қасиетін білуге тәрбиелері сөзсіз.