Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде сыбайлас жемқорлықпен күресті студент жастардың ұйымдарымен бірлесіп жүргізу, оқу-білім үрдісінде студенттер тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою дұрыс жолға қойылған. Студенттерді құқықтық тәрбиелеуде семинарлар, конференциялар, тьютор сағаттары, танымдық кештер өткізіліп отырады. Қазан айында колледж директоры Ш.А.Жанаеваның ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы көркем шығармашылық бағыттағы кітаптарға қалам тербеген жазушы Жан Ақжановпен кездесу өткізілді. Ж. Ақжанов кездесу барысында патриоттық, парасаттылық, адами құндылықтар туралы әңгіме өрбітіп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әдебиеттің маңыздылығын атап өтті.

Оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет пен патриоттық тәрбиені қалыптастырған колледж директоры, ф.ғ.к. Ж.Ш.Алдамжарқызы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстандық жазушы Жан Ақжановтың республикалық «Парасат» әдеби-ағартушылық турнесіне үлес қосқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.

Ж.Ш.Алдамжарқызы, біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз. Бүгінгідей мерейлі сәтте сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз.

Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын