22.05.23 Алаштың тұңғыш білім ордасында Абай облысының педагогтерімен кездесуге ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Рүстем Тоқбергенов, Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, білім бөлімдерінің басшылары, білім мекемелерінің директорлары, бас бухгалтерлер, педагогтер қатысып ,білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі қаралды.

Іссапар барысында колледж студенттерімен – болашақ педагогтармен жүздесіп, колледждің тыныс тіршілігімен танысты. Ғани Бектайұлы тарихы терең оқу орнында болған сәттерден алған үлкен әсерімен бөлісіп, жұмысына өте жоғары баға берді.