Тәрбиелік жұмыс

9 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жатақханасында педагог-психолог Ж. М. Бигазиеваның және медбике А.Е.Идыришеваның ұйымдастыруымен қыздармен әңгіме жүргізілді. Әңгімелесу барысында медбике репродуктивті денсаулық, жеке гигиена құралдарын дұрыс пайдалану және отбасында тәрбиелеу мақсатында “Жеке бас гигиенасы” тақырыбында дәріс оқыды. Колледж психологы салауатты өмір салтын қалыптастыру, қыздармен қарым-қатынасқа, жоғары деңгейдегі ар-намысқа, сұлулыққа, көпшілікке адал болуға тәрбиелеу мақсатында “Қыз қылығымен көрікті” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг соңында психологиялық кеңестер беріліп, суденттер қызықтырған сұрақтарына ұйымдастырушылар тарапынан жауап алды.