“Жастар ресурстық орталығының” мамандары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен бастады. Кездесуге ІІ курс студенттері қатысты. Шара барысында студенттер ой алмастырып, Жолдау бойынша өз пікірлерін ортаға салды.