[vc_row][vc_column][vc_column_text]Пандемия кезеңіндегі білім беру ұйымдарында COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы ҚРБжҒм 01.04.2020ж.№123 бұйрығының 19 тармағында «Мамандықтардың ерекшелігіне байланысты практиканы нақты өндірістік жағдайлардан бейнематериалдармен және практикалық тапсырмалармен онлайн форматта сабақтарды ұйымдастыру немесе тестілік тапсырмаларды офлайн орындау арқылы қашықтықтан өткізуге рұқсат етіледі» делінген. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж машықкерлері педагогикалық практиканы қашықтықтан оқытуды мектептермен қатар сәірдің 6-нан бастап төмендегідей бағыттар бойынша бастап кетті:
– Практиканы өту кестелер құрылып бекітілді, әдіскерлер мен машықкерлер практиканы өту ережесімен танысып, жұмыс өз жалғасын тапты. «Canvas» платформасы, «Telegram, e-mail желілері арқылы машықкерлер мектеп мұғалімдерінен бір апта бұрын өткізілуі тиісті сабақтарының тақырыптарын анықтап, практика жетекшілерімен пікірлесе отырып, сол сабаққа ҚМЖ құрып, слайд, көрнекіліктер жасап, сабаққа қатысты интернет материалдар іздестіріп, қажетті сілтемелерді ҚМЖ-ның ресурстар қатарына тіркеп, жұмыстарын «Canvas» платформасына жүктеп отыр. Әдіскерлер, мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып жұмыстарын тексеріп, талқылап, платформаның «Бағалау» графасына бағаларын қойып отыр;
– Педагогикалық практиканың сапалы өтуіне қатысты мынадай жұмыстар қарастырылды, ол еліміздің түпкір-түпкіріндегі оқушылардың қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, колледж әдіскерлері мен машықкерлердің тәжірибе алмасу, жинақтау алаңына айналып отырған «Балапан», «Ел-Арна» телеарналарындағы және интернет желісінен телесабақтарды біздің студенттер де кесте бойынша практика болатын күндері өз мамандықтарына және мектеп бағдарламасына сәйкес 3-4 сабақтан қазақ және орыс тілдерінде көріп, талдап, талдауын талдау парақшаларына толтырып, әдіскерлеріне электронды пошталарына жүктеп отыр.
– Колледж машықкерлері, қашықтықтан сабақ беріп жатқан мектеп мұғалімдеріне, өз балаларын оқытуда қолдау көрсетіп отырған ата-аналарға көмек ретінде әр пән бойынша әдіскерлердің жетекшілігімен мектеп бағдарламасына сәйкес 4 тоқсанға арналған бейне-сабақтар әзірлеп, Уoutube каналдарына жүктеуде. Осынау қиын-қыстау кезеңде де еш қамықпай, кез келген жұмысқа жауапкершілікпен, шығармашылықпен жұмыс жасап жатқан машықкерлерге, қолдау көрсетіп отырған ата-аналарға, қала мектеп мұғалімдеріне, еңбек ұжымыма алғысымды білдіремін.
[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]
[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]