Оқу үрдісіХабарландырулар
Сапалы білім-болашаққа сенімді қадам. Адам баласының жастық шақта алған білімі-өмірлік азық. Сол мақсатта  М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі «Шет тілі» бөлімінің ШТ 21-11 тобында «Білім сапасын арттыру:мәселелер мен шешу жолдары» атты педконсилиум өтті. Педконсилиумға топ студенттері, оқытушылар және ата-аналар қатысты. Күн тәртібінде топтың білім сапасының төмендеуінің себептері, сабақ босату сияқты мәселелер қарастырылды.
Алдымен топ жетекшісі Асылбек Д. М. топ туралы мәліметтермен, 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылының салыстырмалы мониторингімен ата-аналарды таныстырып өтті. Бөлім меңгерушісі Е. Б. Нурпеисова студенттер мен оқытушылардан алынған сауалнамалар нәтижесімен таныстырып, сөзді колледж психологі Ж. Биғазиеваға ұсынды. Психолог топтың психологиялық картасымен таныстырып, жалпы топ студенттерінің оқудағы кедергілері мен шешу жолдарын ұсынды.
Осыдан кейін пән оқытушылары әр студенттің сабақ үлгеріміне тоқталып, ата-аналарға кеңестері мен ұсыныстарын жеткізді.
Сөз соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ә. К. Бөленбаева мен колледж директоры Ш. А. Жанаева студенттер мен ата-аналарды білім саласындағы жаңалықтардан хабардар етіп, оқу процесіндегі мәселелерді бірлесіп шешуге, колледжбен тығыз қарым-қатынаста болып, жастардың тәрбиесі мен біліміне баса назар аударуға шақырды.