Оқу орнында 2024 жылғы 22 сәуірде «Трансформация дәуіріндегі тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде кіріс бақылау және 3–ші аттестаттау қорытындысы бойынша I курс білім алушыларының оқу қызметінің нәтижелері, болашақ маманды сәтті дайындаудың шарты ретінде практикадан өту кезеңінде практикалық компонентті күшейту, дуальды оқыту негізінде студенттердің мотивациясын көтеру мәселелері қарастырылды.
«Кіріс бақылау және 3-ші аттестаттау қорытындысы бойынша I курс білім алушыларының оқу қызметінің нәтижелері» туралы ДОІЖО Боленбаева А.К. баяндама жасады. Әр бөлім бойынша оқу үлгеріміне, білім сапасына, сабаққа қатысу көрсеткішіне, сонымен қатар І курстарда бастапқы бақылау және 3-ші аттестация нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасалды.
«Болашақ маманды сәтті дайындаудың шарты ретінде практикадан өту кезеңінде практикалық компонентті күшейту» тақырыбында оқытушы әдіскерлер Мусина К.С., Кичигина Н.Д. баяндама жасап, оқу-тәрбие үрдісіндегі оқу практикасы мен педагогикалық практиканың мақсат-міндеттеріне, ерекшеліктеріне, ұстанымдарына тоқталды. Кәсіптік практиканың талапқа сай өтуі болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің кепілі екенін атап өтті.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі меңгерушісі Комаева М.С. «Дуальды оқыту негізінде студенттердің мотивациясын көтеру» тақырыбындағы баяндамасында бөлімде 2018 жылдан енгізілген дуальды оқыту тәжірибесіне, дуальды оқыту жүзеге асырылып жатқан іс-тәжірибе өту базаларына, өту барысына және маңыздылығына тоқталды.
Педагогикалық кеңесте қарастырылған мәселелер бойынша шешім қабылданып, міндеттер белгіленді.