2023 жылғы 2 қазанда колледжде «Инновациялық даму: негізгі проблемалар және оларды шешу бағыттары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде педагогикалық ұжымның 2022-2023 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы; 2023-2024 оқу жылына арналған міндеттері, кіріс бақылау және 1-ші аттестаттау қорытындысы бойынша I курс білім алушыларының оқу қызметінің нәтижелері; 2023-2024 оқу жылына арналған колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын қарау, талқылау, бекіту туралы мәселелер қарастырылды. 2022-2023 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыс мониторингісінің қорытындысы бойынша педагогика пәні оқытушысы А.Нұрланова «Үздік оқытушы» алғыс хатымен марапатталды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Боленбаеваның 2022-2023 оқу жылы қорытындысы бойынша білім сапасы мен үлгерім нәтижесінің есебі тыңдалды. Оқу орнында 13 мамандық, 18 біліктілік бойынша білім алушылар контингенті туралы мәлімет берілді. «Бастауыш білім беру», «Спорт және өнер», «Шет тілі», «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімдерінің өткен оқу жылындағы І және ІІ семестрдегі білім сапасына, сабақ босатуына салыстырмалы талдау жасап, бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау және ұлттық біліктілік тест тапсыру нәтижесіне тоқталды. Оқу орны бойынша білім сапасы – 71,2 % құрайды.
ДТІЖО Н.Х.Хауановна 2022-2023 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес колледждегі ағарту, алдын алу жұмыстары, психологиялық қызмет көрсету, ата-аналармен жұмыс, әлеуметтік қызмет көрсету, жатақхана жұмысы, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру бағытында жүргізілген тәрбие жұмысының есебімен таныстырды.
ДІТЖО К.А.Искакова іс-тәжірибе бөлімінде өткізілген жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Практика түрлері, серіктестік мекемелермен жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Облыстық «WorldSkills» чемпионатының қорытындысы бойынша 41 топ студенті Кеңесханова Аружан республикалық чемпионатқа жолдама алғанын атап өтті.
ДҒӘІЖО Д.Т.Оспанова ғылыми-әдістемелік жұмыстардың қорытындылары туралы есеп берді. Оқытушылардың біліктілік санатын көтеру, мониторинг нәтижесінің қорытындысы, өткізілген іс-шаралар, оқытушылар мен студенттердің жетістігі аталды.
ДОІЖО А.К.Боленбаева 1 курстар арасында пәндер бойынша бастапқы бақылау жұмысының нәтижесіне талдау жасады.
Сонымен қатар 2023-2024 оқу жылына арналған колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын қаралып талқыланды.