Әдістемелік қызметКәсіптік оқытуОқу үрдісіТәжірибеТәрбиелік жұмыс

31.08.2023 ж.күні М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжінде «Сапалы білім – әділетті Қазақстан құрушы фактор” тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде 2022-2023 оқу жылы нәтижелеріне талдау жасалып, жаңа 2023-2024 оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Колледж басшысы Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы колледжге жаңадан келген оқытушыларды ұжымға таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ж.Д.Қалияқпар мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерінің есебін берді. Колледж директорының орынбасарлары 2023-2024 оқу жылына арналған кешенді жылдық жоспарды талқылап, бекітуге ұсынды.

#Біртұтас_тәрбие