Хабарландырулар

10.09.2021 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Педагогикалық ізденіс: жаңа мүмкіндіктер, заманауи шешімдер» атты педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру туралы;  студенттердің оқу орнына бейімделуінің ерекшеліктері: тұлғаның өзін-өзі тануындағы және өзін-өзі дамытуындағы қиындықтарды шешу стратегиялары; М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы педагогикалық кеңес шешімімен қабылданған оқу орнының 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы;  А.Т.Бекбаев атындағы стипендияға үміткерлерді ұсыну туралы және әртүрлі мәселелер қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру туралы колледж директоры ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева баяндамасында жолдаудың 3-ші «Сапалы білім беру» мәселесіне тоқталып, педагог қызметкерлердің жалақысының өсуі, талапкерлердің педагогикалық мамандыққа көптеп келуі т.б. педагог мәртебесінің артуы бағытында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жұмыстардың үлкен қолдау екенін атап өтті.

ДҒӘІЖО А.К.Боленбаева жолдауда көрсетілген «біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деген мәселеге сәйкес оқу орнында инклюзивті білім берудің педагогикалық-әдістемелік негіздерін оқытуға байланысты, оқу орнында білім алушыларға 2017-2018 оқу жылынан ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудың педагогикалық-психологиялық, әдістемелік негіздерін,  инклюзивті оқыту негізінде теңдік қатынасты қамтамасыз етуді меңгерту басталғанын, бітіруші курс студенттеріне арналған инклюзивті білім беру бойынша арнайы курс бағдарламасына тоқталды.

ДІТЖО К.А.Искакова жолдауда айтылған ұлттық коммуникация желілерінің тиімділігі төмен екендігі туралы мәселеге байланысты, қашықтан оқыту кезеңінде 2020-2021 оқу жылындағы оқу-өндірістік бөлімнің онлайн форматта жүргізілген оқу және педагогикалық практикалардың өту барысына, волонтерлық жұмыс т.б. іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды.

Екінші мәселе бойынша өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы, п.ғ.м. А.К.Нурланова студенттердің оқу орнына бейімделуі барысындағы тұлғаның өзін-өзі тануындағы және өзін-өзі дамытуындағы қиындықтарды шешу стратегиялары туралы тәжірибесімен бөлісті.

Үшінші мәселе бойынша  ДОІЖО М.Ш.Тоқтарбек оқу орнының 2017 жылғы 26 қаңтардағы педагогикалық кеңес шешімімен қабылданған оқу орнының 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есебімен таныстырды.

Сонымен қатар, оқудағы үздік үлгерімі, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін  «Үздік Әуезовші» және А.Б.Табылдыұлы атындағы стипендияға үміткерлер арасынан «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Жақсыбаева Аружан «Үздік Әуезовшы»; «Мектепке дейінгі оқыту және білім беру» бөлімінің студенті Жаманқұлова Талшын, «Дене тәрбиесі» бөлімінің студенті Дүйсенбеков Бекжан, «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімінің студенті Түменбай Ақжол А.Б.Табылдыұлы атындағы стипендия иегерлері атанды.

Кеңес соңында оқу-тәрбие жұмысының мониторингі қорытындысы бойынша «Үздік бөлім», «Үздік пәндік-әдістемелік комиссия», «Үздік оқытушы», «Үздік топ» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.