М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПӘК онкүндігі аясында 02.03.2021 жылы күні «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың педагогикалық тәсілдері» тақырыбында мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқыткшысы Комаева Маржан Сейфуллаевна 35-топ білім алушыларымен «Zoom» бағдарламасында онлайн-ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: білім алушыларды мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы жаңа біліммен қаруландыру, алған білімді іс-тәжірибеде қолдана алуға үйрету.
Қашықтан білім беру технологиясы, АКТ, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, түсіндіре баяндау, талдау әдістерін тиімді пайдалана алу арқылы білім алушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра алды. «Learningapps», «bilimkids», «padlet» онлайн ресурстарын пайдалану – оқу материалын меңгеруге септігін тигізді.