05.02.2024 күні Алаштың тұңғыш білім ордасында ҚР Оқу ағарту министірлігінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Тұрғанбайқызы Мелдебековамен және еліміздің әр облысының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында колледж директоры Ш.А.Жанаева қонақтарды Алаштың тұңғыш білім ордасының тарихымен, колледждің оқу-техникалық базасымен таныстырып өтті. Заманауи үлгіде жабдықталған “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” орталығы жұмысын, кәсіби бағдар беру бағытындағы ұйымдастырылған жұмыстарды көріп, «Педагог маман даярлау үрдісінде балабақша-мектеп-колледждің үздіксіз байланысының оқыту сапасын бағалаудағы маңызы» дөңгелек үстеліне қатысты.