Хабарландырулар

24 ақпан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі»     ПӘК онкүндігі аясында Ораш Мирас Жарқынұлы «Конькимен жүгіру кезіндегі тежелу тәсілдері» тақырыбында  коньки спорты және оны оқыту әдістемесі пәнінен  онлайн ашық  сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Конькимен жүгіру кезіндегі тежелу тәсілдерін үйрету, конькимен жүгіру кезіндегі тежелу тәсілдерінің техникасының әдістерін үйрету, тежелу тәсілдерін жетілдіру, жауаптылыққа, әр істі уақытымен орындауға үйрету. Салауатты өмір салтын ұстануға, дене бітімінің сымбаттылығын қалыптастыру. Төзімділік, ептілік, жылдамдық, батылдық, сымбаттылық, ширақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру. Сабақтың барысы әңгіме-лекция, диалог, өздік жұмыс, сұхбат, топтық жұмыс түрінде өтіп, сын тұрғысынан ойлау, АКТ, фотосуреттер, презентация әдіс-тәсілдерді қолданылып, тақырыпқа сай  бейнематериалдар көрсетілді.  Білім алушылардвн үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Bingo» ойыны «LearningApps.org» платформасы арқылы ұтымды пайдаланылды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың негізгі мәні мен тақырыбы түсіндірілді.

Жаңа ақпаратты алу кезінде бұл әдістер оқушылардың оларды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды. Сабақта жаңа білім негіздерін игерту,  АКТ тиімді пайдану үшін «ZOOM» платформасында секцияларға бөлініп шығармашылық  жұмыс арқылы  жүргізілді. Білім алушылардың сабаққа қатысуын бағалау «Бес саусақ» бойынша жүзеге асты.