Хабарландырулар

23 ақпан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі» ПӘК онкүндігі аясында Музапарова Дидар Баяхметовна химия пәнінен «Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер» тақырыбында  сабақ өткізді. Сабақ фейсбук желісінде тікелей эфирде таратылды.

Сабақтың мақсаты: Құрамында оттегі бар органикалық қосылыстардың түрлерін, біратомды, көпатомды спирттердің жіктелуі мен қолданылуын, қасиеттерін түсіндіру.

Сабақ барысында білім алушылар моделдеу,  демонстрациялау арқылы спирттердің жіктелуін, функционалдық топтарын, спирттердің қасиеттерін меңгеріп, этанол молекуласының  моделін құрастырып, тәжірибелер арқылы спирттерге сапалық реакция жасады.

Адам денсаулығына спиртті ішімдіктердің  зияны туралы видеоматериал көрсетіліп, барлық ресурстар тиімді қолданылды.