Оқу үрдісіТәрбиелік жұмыс

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ!

Бүгін, 1 маусым күні, Алаштың тұңғыш білім ордасында “Отбасы және колледж – жеке тұлғаны тәрбиелеудегі серіктестер” тақырыбында колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:

  1. «Педагогикалық білім беру ұйымы мен ата-аналар ынтымақтастығы – білім алушылардың денсаулығы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістіктерінің кепілі» – Колледж директоры, ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева.
  2. «Заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балалары үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» – «Затон ПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік инспекоры, полиция капитаны Каныбекова Гүлзат Кайратовна.
  3. «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» – Семей ст. ЖПб ӘПб инспекторлары полиция аға лейтенанты М.С.Алашқан.

Ата-ана мен оқу орнының арасындағы байланысты нығайту – саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі. Саналы тәрбие мен сапалы білім алуда студент ынта-ықыласын қолдаудағы ынтымақтастығы үшін белсенді ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.

Оқу орнының теміржол бойына жақын орналасуына байланысты Семей ст.ЖПб ӘПб инспекторлары полиция аға лейтенанты М.С.Алашқан және полиция лейтенанты А.С.Таңсық жол қауіпсіздік ережелері туралы баяндап, теміржол арқылы өту ережелерін үнемі студенттерге ескертіп отыруды сұрады.

Салтанатты шарадан соң ата-аналар топтық жиналыстарға қатысты. Топтық ата-аналар жиналысында педагогикалық және психологиялық жағдаяттар қарастырылып, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдерді тиімді қолданылды.