11.03.2021 күні «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК «Жас оқытушылар мектебі» аясында «Отандық педагогикалық әдістемелер мен технологиялар» тақырыбында теориялық әдістемелік семинар өткізді. Аталған семинарға колледжімізден «Педагогика және психология» ПӘК оқытушылары Сарсекова Г.К. «Арнайы пәндерді оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану” тақырыбымен, Жунусова Л.Б. «Ш.А.Амонашвилидің білім берудің ізгілендіру технологиясы» тақырыбымен баяндама оқыды. Тәжірибелі педагогтардың жас оқытушыларға берері мол болды. Оқытушылар «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК басшылығының Алғыс хатымен марапатталды.