«М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК
Байқау және бақылау практикасының қорытынды конференциясы.
24.12.2020 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде бітіруші топтардың әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Ағылшын тілі» бөлімінің 4 курс студенттерінің оқу бағдарламасына сәйкес байқау және бақылау практикасының қорытынды конференциясы өтті. ZOOM арқылы өткен бұл конференцияға 100 ден астам студент қатысты. Конференцияға мамандығы 0111000 «Негізгі орта білім», біліктілігі: 0111083 “Шетел тілі пәнінің мұғалімі” бойынша 44,45,402 топтар, 4 курс студенттері қатысты және тәжірибе бөлісу мақсатында аталған мамандық бойынша 3 курс студенттері шақырылды. Білім алушылар практика кезіндегі өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Пандемия жағдайында өткен байқау және бақылау практикасының қиындығы мен қолайсыздығына қарамастан машықкерлер өздерінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтай алғандықтарын, кәсіби әрекеттері мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетілгені туралы айтып, ой бөлісті. Іс-тәжірибе барысында онлайн сабақтар болса да студенттің іскерлігі мен дағдыларының қалыптасып, өздеріне деген сенімдерінің артқаны байқалды: жаңаланған білім мазмұнына сәйкес жоспарланып өткізген сабақтары мен интернетпен жұмыстың қыр сырын үйренуі, сабақ өтумен қатар топ студенттерінің онлайн семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып, алған Сертификаттар мен Дипломдар алуы да соған дәлел. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдеп, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шеше білгендері туралы айтып, видео арқылы көрсетті. Конференцияда сөйлеген әдіскерлер және директордың іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары К.А.Искакова студенттердің байқау практикасының сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, алдағы дипломалды мемлекеттік іс-тәжірибені де ойдағыдай атқаратындарына толықтай сенім білдірді. Арай Секенова